Қара мұртты қоңызының анықталуы

Қара мұртты қоңызының анықталуы

ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас мамандарымен карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында Абай облысы, Семей қаласынан келіп түскен 104 текше метр ағаш материалдарынан карантиндік объекті - қарағайдың қара мұртты қоңызының тірі және өлі дернәсілдері анықталды. Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша, өнім иесіне ағаш материалдарын зарарсыздандыру бойынша нұсқама берілді. Зарарсыздандыру фумигациялау тәсілімен жүргізілді.

Қарағайдың қара мұртты қоңызы (Monjchamus Galloprovincialis (Oliv)қарағай ормандарының қауіпті зиянкесі. Қоңыз және дернәсілдер зиян келтіреді. Қоңыздар пісу кезіңінде ағаштың жас  бұтақтарының қабығын кеміреді. Дернәсілдер қабығын, бағанасын, шырын және ағашты зақымдайды.

 Зиянкестердің тіршілік әрекеті нәтижесінде ағаштар әлсіреп, кебеді. Ағаштар  техникалық қасиеттерін жоғалтады. Дернәсілдері  дайын өңделмеген ағашты зақымдайды, оның техникалық жарамдылығын төмендетеді, орман шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

Жоғарыда аталған факті бойынша әкімшілік  хаттама толтырылып, тәртібімен сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес сотпен айыппұл салынды.