
ҚР АШМ АӨК МИК Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Литва Республикасынан ( Молдава Республикасынан шыққан) келіп түскен 4,116 тн көлеміндегі «күнбағыс тұқымы» өнімінде карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу барысында күнбағыс Фомопсисі карантиндік нысаны анықталды.
Нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 1-тармағының 2-бөлігінің 400-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ, барлық құжаттар Ақмола облысының Степногорск қалалық сотына жіберілді. Сот шешімінің нәтижесінде карантинге жатқызылған өнім-күнбағыс тұқымын тәркілей отырып, әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.