
Түркістан облысы аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылдың 15 қаңтарында, облыс әкімінің өкімімен «Аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізетін штаб құрылды». Штаб құрамына облыс әкімінің орынбасары, жауапты сала басшылары мен аудан, қала әкімдері енгізілген.
Штаб құрамына сәйкес, 15 аудандарда осы жұмыстарды үйлестіру бойынша жергілікті штабтар құрылып дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы марокко шегірткесі көп таралған өңір болып табылады. Атап айтқанда негізгі ошақтары Арыс, Сарыағаш, Келес аудандары болып табылса, соңғы жылдары Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Сауран, Шардара және Отырар аудандары, барлығы 10 ауданның 62 ауыл округтерінде кездеседі.
2017 жылдан бері марокко шегірткесінің таралу динамикасына қарасақ 2017 жылы – 430,0 мың гектардан аса алқап өңделсе, одан кейінгі өңделген көлем төмендеген. Көпжылдық тәжірибеге сүйенсек, марокко шегірткесі 7- 8 жылда таралу шегіне (пик) келіп тұрады. Соңғы 3 жылда өңдеу көлемдері ұлғайып, таралу шегіне жететін мезгіл 2024-2025 жылдарға тура келіп тұр.
Ағымдағы жылы марокко шегірткесіне қарсы облыс бойынша барлығы 271,575 мың га алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде 162,119 мың га жер үсті желдеткіш бүріккіш техникаларымен, 107,350 мың га әуемен, 0,706 мың га аспалы бүріккішпен, 1,4 мың га ұшқышсыз ұшу аппаратымен жүргізіледі.
Марокко шегірткесіне қарсы қолданылатын «Карат Супер к.э.» іш құрылысы, жанасу арқылы әсер ететін болса, «Пиларкинг в.к.» және «Тиаметрин с.к.» препараттары кешенді әсер ететін препараттар болып табылады.
Марокко шегірткесінің таралу аумағын анықтауға болжам орталығы тарапынан 733,36 мың гектарда мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Оған жергілікті атқарушы органдардан 244 қосымша анықтаушы, болжам орталығынан 79 жауапты мамандар мен 38 автокөліктер қатысады
Жалпы алғанда фитосанитариялық жұмыстардың ұйымдастырылуына 74 дана жер үсті бүріккіштері, 6 дана АН-2 ұшағы, 5 дана аспалы бүріккіш, 1 дана ұшқышсыз ұшу аппараты және инспекция тарапынан 21 жұмыс тобы 40 инспектор, 19 автокөлік, өзге облыстардан 4 қызметкер 4 автокөлігімен, Болжам орталығынан 79 маман 38 автокөлік, жергілікті атқарушы органнан 244 қосымша анықтаушылардың қатысуымен жүргізіледі деп күтілуде.
Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне сәйкес, Арыс қаласы – 17,150 мың га, Келес ауданы – 16,650 мың га, Сарыағаш ауданы – 17,300 мың гектарда 24 дана жер үсті бүріккіш техникаларымен өңдеу жұмыстарын жүргізетін «SATTI TULIK» ЖШС, Бәйдібек – 4,890 мың га, Қазығұрт – 8,228 мың га, Ордабасы – 7,113 мың га, Отырар – 0,450 мың га, Сауран – 3,757 мың га, Төлеби – 1,372 мың га, Шардара – 4,150 мың га, барлығы 29,960 мың га аумақта «Защита растений-К» ЖШС жер үсті бүріккіштерімен күрес жұмыстарын жүргізетін мердігер болып танылды. Осы жұмыстарға 38 жер үсті бүріккіш техникалары қарастырылған.
Әуемен химиялық өңдеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы негізінде Арыс-18,500 мың га, Келес—14,775 мың га, Сарыағаш – 20,400 мың га, барлығы 53,675 мың гектарда өңдеу жұмыстарын «Авиакомпания «Дельта-Юг» ЖШС 3 дана АН-2 ұшағымен жүргізеді.
Қалған, жер үсті бүріккіштерімен – 81,059 мың га, әуемен – 53,675 мың га, аспалы бүріккіштер – 0,706 мың га және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен – 1,400 мың га көлемге мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде. Жалпы алғанда 271,575 мың гектардың 134,735 мың гектарында жеңімпаз анықталып, қалған 136,840 мың гектарда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.