Залалданған өнім жойылды

Залалданған өнім жойылды

Орал қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 2024 жылғы 26 қаңтарда Ресей Федерациясынан келіп түскен 1 тн көлемінде карантинге жатқызылған қызанақ өнімдеріне қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусын (ToBRFV) анықтады. Қазақстан Республикасының аумағына залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкелгені үшін инспектор ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша хаттама толтырып, сондай-ақ істің барлық материалдары сотқа берілді.

              Сот шешімімен 2024 жылдың 12 ақпанында өнім алушы кінәлі деп танылды. Жасалған құқық бұзушылық үшін 77 532 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ залалданған барлық өнім арнайы белгіленген аумақта өртеу әдісімен жойылды.

              Жою комиссияның қатысуымен өтті, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, экология департаментінің өкілдері, Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы, сондай-ақ карантиндік өнім иесінің қатысуымен өтті.