ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциялармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен бейнеконференцбайланыс өткізді

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциялармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен бейнеконференцбайланыс өткізді

2024 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мұхтар Серікұлы Алиевтің төрағалығымен карантин және өсімдіктерді қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу шаралары, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде уақытылы жұмысын жүргізуін ұйымдастыру тақырыбы бойынша бейнеконференция өтті.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексіне сәйкес
 «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу және қарау мерзімдерін сақтау, өтініштерді қарау тәртібі бойынша құқықтық оқытуды жүргізу бойынша нұсқаулықтар берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептерімен күресу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту қажет екендігі айтылды.

Карантин және өсімдіктерді қорғау жөніндегі ұлттық ұйымның оң имиджді сақтау үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге, атап айтқанда фитосанитарлық сертификаттарды беру барысындағы бақылауды күшейту тапсырылды.

Өсімдіктер карантині саласындағы нұсқаулықтардың орындалуын, айыппұл салуды, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді, карантиндік нысандарды анықтау шараларын қатаң бақылау тапсырылды.