2023 жылғы 24 қарашада ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұхтар Серікұлы Әлиевтің төрағалығымен аумақтық инспекциялардың басшыларымен және мамандарымен бейнеконференцбайланыс бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық нормалары, мемлекеттік қызмет өткеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес мәселелері және т.б. тақырыптар айтылды.

Мемлекеттік инспекция комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Т. Егдиров Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану болып табылатынын еске салды.

Дөңгелек үстелдерді өткізумен ғана шектеліп қалмай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша нақты іс-шараларды күшейту жөнінде айтылды.

Қолданыстағы заңнама шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау туралы мәселелер қаралды.

Төрағаның орынбасары М. С. Әлиев фитосанитариялық бақылау бекеттерінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыруды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға қатысты құқықтық оқытуды тұрақты негізде жүргізу тапсырылды.​