
Комитет басшысы аумақтық инспекциясында болып, облыстың фитосанитариялық жағдайымен, алқаптардағы күбіршелерге жүргізіліп жатқан күзгі мониторинг жұмыстарымен, карантиндік фитосанитариялық іс-шаралармен танысты
Осы ретте Комитет төрағасы ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың бөлімшелері мен Өзбекстан Республикасымен шекарадағы фитосанитарлық бақылау бекеттерін аралады.
Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Шымкент қаласының аумақтық инспекциясында аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен мамандары мен кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиын барысында бизнес қауымдастығының түйткілді мәселелері тыңдалып, оларды шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Сапар қорытындысы бойынша Төраға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау және өсімдіктерді қорғау саласындағы іс-шараларды жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.