
Орталық Кеңес төрағасы А.Ж.Игбаевтың ұсынысы бойынша "Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығы тағайындалды:
"Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Насибов Шахим Ядигарович
"Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының бірінші вице-президенті" Абубакиров Серик Абдулахметович (Әбубакиров Серік Абдулахметұлы)
"Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті" Бейсембаев Серик Бексеитович (Бейсембаев Серік Бексеитұлы)
"Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының өңірлермен жұмыс жасау жөніндегі вице-президенті" Абеков Кайрат Зауытбаевич (Абеков Қайрат Зауытбайұлы)
"Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" 2009 жылдың қыркүйек айында "Қазақстан АгроОдағы" қоғамдық бірлестіктер қауымдастығы мен ұйымы базасында құрылды. ҚҰАӨК-нің басты мақсаты палата мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, орталық, жергілікті атқарушы органдар мен Агробизнес арасындағы диалогты ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірыңғай іс-қимыл стратегиясын әзірлеу болып табылады, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Насибов Шахим Ядигарович 1965 жылы 1 шілдеде Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Родник ауылында дүниеге келген.
Диплом №2981, 30.04.2006ж. Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті, мамандығы - құқықтану
1999-2001жж – «Отан» заң компаниясының бас директоры
2001-2007жж – «Ел-Аман» қоғамдық қор басқармасының төрағасы
2007-2016жж – «Паритет МК» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «EQS Еуразиялық сапалы сервисінің» директоры
2014 жылдан бастап – ТМД-ның адам құқықтары жөніндегі CIPDH Бас хатшысының бірінші орынбасары (штаб-пәтері Францияда). Лауазымы генерал-полковник, атағы генерал-майор.
Үкіметтік марапаттары және Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстан, Украина, Польша, Хорватия, Түркия, Чехия, Фрация Президенттерінің алғыс хаттары бар.
Абубакиров Серик Абдулахметович 1960 жылы 20 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1982 жылы КСРО ІІМ КВШ
2001 жылы ҚР ІІМ академиясын бітірген
2001 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды қалалық ішкі істер бөлімінің басшысы
2010 жылдан 2013 жылға дейін ҚР ІІМ «Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің» жедел-іздестіру басқармасының бастығы
2017 жылдан бастап "Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының бірінші вице-президенті
"Қызыл жұлдыз" орденінің кавалері
Бейсембаев Серик Бексеитович 1964 жылы 21 қаңтарда Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Викротовка ауылында дүниеге келген
Білімі жоғары, техникалық, Ленин атындағы ҚазПТИ, гидрогеология (РГ-86), «АРНА» университеті, Алматы қ., «Геологиялық түсіру, іздеу және барлау» мамандығы бойынша «тау инженері» біліктілігін алған
«ЭксимКокше» ЖШС директоры
«Industrial Innovation Group» ЖШС бас директоры
«ГЕОЭК» ЖШС бас директорының орынбасары
«Құрмет» орденінің кавалері
Абеков Кайрат Зауытбаевич 1963 жылы 3 шілдеде Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыжаз ауылында дүниеге келген
1986 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты, химия және биология факультеті
Екінші жоғары білімін 1997 жылы, ҚазБСҚА, «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша алған
2001 жылы ҚазМЗА, экономика факультетін бітірген
2011 жылы Лэйден универстетін бітірген, Нидерланды Королдігі, «қорғалған топырақ» кафедрасының профессоры