2023 жылғы 25-26 тамыз аралығында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Берік Жамбылұлы Манасов Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитенің өкілдерімен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
Қазақстан - Ресей шекарасында "Жаңажол" – авто, «Қызылжар" –авто және «Қарақоға» 3 фитосанитариялық бақылау бекеттері орналасқан.
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді бастау және аяқтау фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана рұқсат етіледі.
Берік Жамбылұлы «Жаңажол» фитосанитариялық бақылау бекетінде болып, Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта карантиндік фитосанитариялық бақылаумен танысты.
Нәтижесінде өсімдіктер карантині саласындағы заңбұзушылық фактілерін уақытылы анықтау қажеттігін, импорттық өсімдік тектес өнімнің Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін және фитосанитариялық сертификаттаудың болуын, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімді әкелу, әкету және транзит кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды сапалы жүзеге асыруға және тұтастай алғанда өсімдіктер карантині туралы заңнаманы қатаң сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.