2023 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Берік Жамбылұлы Манасов "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы"ММ барды.
Орталық зертхана карантинге жатқызылған өнімдегі жасырын ластануды және вирустарды анықтауға арналған ПТР жабдықтарын, сондай-ақ карантиндік фитосанитариялық сараптаманы жедел жүргізуге арналған негізгі зертханалық жарақтарды көрсетті.
Бүгінгі таңда осындай заманауи ПТР жабдықтары карантиндік зертхананың 5 облыстық филиалында орнатылған, сондай-ақ алдағы уақытта басқа өңірлерде де орнату жоспарлануда.
Басшылықпен және мамандармен өткізілген кездесу барысында, Республикалық өсімдіктер карантині орталығы комитет басшысына зертханалық сараптамаға түсетін үлгілерде негізгі қызметі зиянкестердің, өсімдіктер мен арамшөптер ауруларының қоздырғыштарының, оның ішінде карантиндік объектілер мен бөтен түрлердің түрлік құрамын айқындау болып табылатын айтты. Сонымен қатар, төраға карантиндік зертхананы қарап шықты.
Кездесу қорытындысы бойынша карантинге жатқызылған өнімнің экспорты мен импорты кезінде зиянды организмдер мен карантиндік объектілерді уақтылы анықтау үшін зертханалық сараптаманы сапалы жүзеге асыру бөлігінде тапсырмалар берілді.