2023 жылғы 9-10 тамыз аралығында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы
Берік Жамбылұлы Манасов Ақтөбе және Қостанай облыстарына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мен Қостанай облысы Қамысты және Бейімбет Майлин аудандарының аумағында шегірткелердің күбіршелері бойынша бақылау-тексеру жұмыстары жүзеге асырылды. Үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық іс-шараларды жүргізу нәтижелеріне бақылау жүргізілді.
Сапар нәтижелері бойынша 2024 жылға арналған өсімдіктерді қорғау
іс-шараларының көлемін дұрыс болжау үшін сапалы мониторинг жүргізу қажеттілігі туралы тапсырмалар берілді.
Бұдан басқа, 2024 жылы өсімдіктерді қорғау іс-шараларын жүргізу үшін жеткілікті тиісті бүрку техникасының болуын есепке алуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар, Берік Жамбылұлы «Қайрақ» және «Жайсан» фитосанитариялық бақылау бекеттерінде болып, Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта карантиндік фитосанитариялық бақылау үдерісін қарады.
Сондай-ақ фитосанитариялық бақылау бекеттерімен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау мақсатында шекара қызметі және мемлекеттік кірістер өкілдерімен кездесті.
Нәтижесінде өсімдіктер карантині саласындағы заңбұзушылық фактілерін уақтылы анықтау қажеттігін, импорттық өсімдік тектес өнімінің Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін және фитосанитариялық сертификаттаудың болуын, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімді әкелу, әкету және транзит кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды сапалы жүзеге асыруға және тұтастай алғанда өсімдіктер карантині туралы заңнаманы қатаң сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.