Үстіміздегі жылы үйірлі шегіртке зиянды жәндіктерінің таралуы 554,0 мың га ауданда болжанды, соның ішінде итальяндық прус шегірткесі – 295,9 мың га, азиалық шегіртке – 164,2 мың га және марокко шегірткесі – 93,9 мың га. Саяқ шегіртке зиянды жәндіктерінің таралуы – 266,8 мың га болжанды.
Республикалық бюджеттен үйірлі шегіртке зиянды жәндіктерімен күресуге – 1,0 млрд. тенге бөлінді. Саяқ шегіртке зиянды жәндіктерімен күресуге жергілікті бюджеттің қаржысынан – 555,1 млн. тенге бөлінді.
Бөлінген қаржы барлық болжанған ауданға қажет пестицидтер мен өңдеу қызметін сатып алуға мүмкіншілік берді. Сонымен қатар, 525,3 мың га ауданға жететін пестицидтер қоры жасалды, бұл үйірлі шегіртке зиянды жәндіктерінің таралу болжамының 95% құрайды.
Үйірлі шегірткелерге қарсы тиімді өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін пестицидтердің әр түрлі тобына жататын улы дәрілер (препараттар) сатып алынды, (имидаклоприд негізінде, хитин синтезінің ингибиторы негізінде, фосфорорганикалық қосылыстардың негізіндегі улы дәрілер, перитроидтар және биологиялық улы дәрілер).
Аумақтарда облыстардың әкімшіліктерімен бірге, облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын шұғыл қызмет жасайтын штабтар құрылды және мониторинг пен өңдеу жұмыстарын ұйымдастырудың жоспарлары бекітілді.
Өңдеу жұмыстарына 148 бірлік арнаулы бүріккіш техникалар қатыстырылады, химиялық өңдеу қызметін сатып алудың конкурстық шаралары аяқталып жатыр, жер үсті бүріккіштері мен газогенераторлар бойынша келісім шарттар жасалынды. (119 бірлік жер үсті бүріккіштері, 10 самолет, 11 бірлік өте жеңіл авиация кемелері (ӨЖАК) және 9 бірлік аэрозольдік газогенераторлар (АГГ).
Үйірлі шегіртке зиянды жәндіктерінің таралу ошақтарын анықтау үшін, анықтау жұмыстары - 38,3 млн. га жерде жүргізіледі. Анықтау жұмыстарын GPS навигаторлар, GPS трекерлер, планшеттермен жарақталған 1224 анықтаушылар 570 бірлік автотранспортпен атқарады.
Көрші мемлекеттермен шекаралас аумақтарда (ҚХР, РФ, ӨР) шегіртке зиянды жәндіктерін анықтау үшін, бірлескен анықтау жұмыстары жүргізіледі және қорытындысы бойынша тексеру актілері жасалады.
Шегіртке зиянды жәндіктерімен күресуге арналған улы дәрілер аумақтарға жеткізілді.
Қазіргі уақытта химиялық өңдеу жұмыстары марокко шегірткесіне қарсы Түркістан және Жамбыл облыстарында жүргізіліп жатыр.
2020 жылдың 18 мамыр күніне дейін 1 559,19 мың га жерге анықтау жұмыстары жүргізілді, қоныстанған аудан 142,799 мың га, өңдеуге жататын аудан 63,362 мың га, өңдеу жұмыстары жүргізілген аудан 63,362 мың га немесе болжанған көлемнің 67,51%. Анықтау және өңдеу жұмыстары жалғасуда.
Басқа аумақтарда өңдеу жұмыстары шегіртке зиянды жәндіктерінің таралу ошақтарының анықталуына байланысты басталатын болады.