Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Функционалдық міндеттері: Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды жүргізу; карантинге жатқызылған өнімді фумигациялау (залалсыздандыру); карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша қызмет пен технологиялық тұрғыдан байланысты карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру бойынша қызмет; өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік монополия функцияларының білікті және толық орындалуын қамтамасыз етеді; кәсіпорын қызметіне байланысты өндірістік-шаруашылық, кадрлық саясат және қаржылық-шаруашылық заңнамасына сәйкес, қабылданған шешімдердің нәтижелеріне кәсіпорын мүлкінің тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне толықтай жауапкершілікті сақтай отырып басшылық етеді.                                                                                            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласында:агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және карантин немесе топырақтану және агрохимия немесе жеміс-көкөніс шаруашылығынемесе фитосанитарлық қауіпсіздікнемесе аграрлық техника және технология немесе бизнес, басқару және құқық саласында: құқықтану немесе экономика мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мына мекен-жайға: Астана қ., Мәңгілік ел к-сі, 8, 710 каб.немесе orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz ұсынылуы тиіс. Байланыс тел.: 555-885; 87081049272.

Дата публикации
22 января 2025