Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Функционалдық міндеттері: Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды жүргізу; карантинге жатқызылған өнімді фумигациялау (залалсыздандыру); карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша қызмет пен технологиялық тұрғыдан байланысты карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру бойынша қызмет; өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік монополия функцияларының білікті және толық орындалуын қамтамасыз етеді; кәсіпорын қызметіне байланысты өндірістік-шаруашылық, кадрлық саясат және қаржылық-шаруашылық заңнамасына сәйкес, қабылданған шешімдердің нәтижелеріне кәсіпорын мүлкінің тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне толықтай жауапкершілікті сақтай отырып басшылық етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласында:агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және карантин немесе топырақтану және агрохимия немесе жеміс-көкөніс шаруашылығынемесе фитосанитарлық қауіпсіздікнемесе аграрлық техника және технология немесе бизнес, басқару және құқық саласында: құқықтану немесе экономика мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар, хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Астана қ., Мәңгілік ел к-сі, 8, 710 каб., байланыс тел. 555-885, 87081049272 немесе е-mail: orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz.