««Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) баспасөз-релизі

Бұйрық жобасы ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінде 2022 жылғы 10 маусымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде пестицидтерді ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтардан өткізуге өтінім беру процесін автоматтандыруды көздей отырып әзірленді.

Осы Жоспарды іске асыру мақсатында және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік аппаратты бюрократияландыру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қорытындысына сәйкес ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі жаңа кіші түрлерімен қосылды.

Сондай-ақ, Бұйрық жобасымен жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша анықталған ескірген нормаларды жою мақсатында өзгерістер енгізіледі.

Күтілетін нәтижелер мерзімі – 2024 жылғы желтоқсан.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарға әкеліп соқпайды, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Дата публикации
29 ноября 2024