«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның құзіретіне тергеп-тексеру жүргізу жөнінде Қағидаларды әзірлеу және бекіту бөлігінде түзетулер енгізілді.
Заңды іске асыру мақсатында «Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 28 маусымдағы № 228 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы
28 маусымда № 34662 болып тіркелді) өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібі бекітілді.
Жоғарыда көрсетілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.