««Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 28 маусымдағы № 232 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 57 бұйрығына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі бөлігінде түзетулер енгізілді.

Заңды іске асыру мақсатында ««Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 28 маусымдағы № 232 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 57 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 маусымдағы № 34683 болып тіркелді) өсімдіктер карантині саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі бекітілді.

Жоғарыда көрсетілген бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
02 июля 2024