««Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 222 бұйрығына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өсімдік шаруашылығы өнімдерін өткізу рәсімдерін оңайлату мақсатында мемлекетішілік тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімге карантиндік сертификатты алып тастау бөлігінде түзетулер енгізілді.

Заңды іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 222 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымдағы № 34637 болып тіркелді) жоғарыдағы аталған нормаларға сәйкес тиісті өзгерістер енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Дата публикации
02 июля 2024