«Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 28 маусымдағы № 229 бұйрығына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзіретіне тергеп-тексеру жүргізу жөнінде Қағидаларды әзірлеу және бекіту бөлігінде түзетулер енгізілді.

Заңды іске асыру мақсатында «Өсімдіктерді қорғау саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 28 маусымдағы № 229 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы
28 маусымдағы № 34658 болып тіркелді)
өсімдіктерді қорғау саласында тергеп-тексеру жүргізу тәртібі бекітілді.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
01 июля 2024