«Өсімдіктер карантині саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 819 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасының баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органға талаптардың тізбесін айқындау жөніндегі құзыретті беру бөлігінде өзгерістер енгізілді, оларды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға әкеп соғады.

Заңды іске асыру үшін бұйрықтың жобасы әзірленді, онда талаптар тізбесі бар тексеру парақтары көзделген, оларды бұзған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолданады.

Бұйрық жобасының бекітілу уақыты – 2024 жылғы маусым.

 

 

Дата публикации
03 мая 2024