«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органға талаптардың тізбесін айқындау жөніндегі құзыретті беру бөлігінде өзгерістер енгізілді, оларды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға әкеп соғады.
Заңды іске асыру үшін бұйрықтың жобасы әзірленді, онда талаптар көзделген, оларды бұзған жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолданады.
Бұйрық жобасының бекітілу уақыты – 2024 жылғы маусым.