Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 387 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) өзгеріс енгізілді.
Бұйрық «Ықтимал қауіпті химиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес келтірілді.
Бұйрықтың бекітілген күні – 2024 жылғы 27 наурыз № 111.