ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің төрағалығымен өткен фитосанитариялық қауіпсіздік мәселесі жөніндегі кеңестің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі хаттамасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын жүргізуге сапалы және уақтылы дайындықты қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен үйірлі шегірткелерге қарсы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру үшін Үкімет резервінен қосымша қаржы қаражатын бөлу мәселесі бойынша «Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-07/572 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) өзгерістер енгізілді.
Бұйрыққа өзгерістер өсімдіктердің зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерінің дамуы мен таралуына фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету, карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау және олардың таралу шекараларын айқындау мақсатында өзгерістер енгізіледі.
Бұйрықтың бекітілген күні – 2024 жылғы 13 ақпан № 58.