ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес мемлекеттік монополияға жататын ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» ШЖҚ РМК іске асыратын қызметтердің бағасына сараптама жүргізу қорытындысы бойынша «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) өзгерістер енгізілді.
Бұйрыққа өзгерістер бақша дақылдарының карантиндік зиянкестеріне (қауын шыбыны) және арамшөптердің карантиндік түрлеріне қарсы (жатаған (қызғылт) кекіре, жусан жапырақты ойраншөп, көп жылдық ойраншөп; арам сояулар) химиялық өңдеулер жүргізу жөніндегі қызметтердің бағасын арттыру мақсатында өзгерістер енгізіледі.
Бұйрықтың бекітілген күні – 2024 жылғы 15 қаңтар № 16.