Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 886 және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 жарлықтарын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шілдедедегі № 471 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысы (бұдан әрі – Қаулы ) әзірленді.
Қаулыға өзгерістер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастыруды іске асыру мақсатында енгізілді.
Қаулының бекітілген күні – 2024 жылғы 16 ақпан № 98.