Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ««Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық ) өзгерістер енгізілді.
Бұйрық «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес Алматы облысының құрамынан Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Абай облысы, Қарағанды облысының құрамынан Ұлытау облысы құрылуына байланысты бекітілді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар инспекция облыс аумағында мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімдерге тұрақты тексеру жүргізеді.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді тексеруді әуежайға, теміржол станцияларына, Ішкі сауда объектілеріне және экспорттық-импорттық партияларды (карантинге жатқызылған өнімді) қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өзге де объектілерге барып жүзеге асырады.
Осыған байланысты карантинге жатқызылған өнімді тексеруді жүзеге асыру үшін қызметтік автомашиналар қажет.
11-баптың 1-тармағына сәйкес «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңы мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің фитосанитариялық бақылау бекеттері бар лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз), материалдық құралдармен, фото-және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.бекітілді.
Бұйрықтың бекітілген күні – 2024 жылғы 8 ақпан № 45.