Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорына хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Функционалдық міндеттері: карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды жүргізу; карантинге жатқызылған өнімді фумигациялау (залалсыздандыру); карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша қызмет пен технологияльіқ тұрғыдан байланысты карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру бойынша қызмет; өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік монополия функцияларьіның білікті жене толық орындалуын қамтамасыз етеді: кәсіпорын қызметіне байланысты өндірістік-шаруашылық және қаржылық-шаруашылық заңнамасьіна сәйкес, қабылданған шешімдердің нәтижелеріне кәсіпорын мүлкінің тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне толықтай жауапкершілікті сақтай отырып, басшылық етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «өсімдік қорғау және карантин», «агрономия» мамандығы бойынша жоғары білімі. Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Конкурс 2015 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің № 70 бұйрығьімен бекітілген. Мемлекеттік кәсіпорынньің басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар, хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға ұсьінылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Кенесары к-сі, 36, 708 каб.,байланыс тел. 555-885. <onalbaeva.a@minagri.gov.kz>

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жургізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорына хабарландыру
Дата публикации
17 августа 2020