««Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 330 бұйрығына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) нормаларына сәйкес келтіру мақсатында ««Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 33438 болып тіркелді) ««Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.

Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған Кодекстің нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 351 бұйрығымен «Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-4/263 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы»» (2010 жылғы 30 маусымдағы Кодекстің 192 бабы 7-тармағына сәйкес қабылданған) күші жойылды, жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінен анықталған ескірген нормаларды жою үшін бұйрықпен өзгерістер енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
25 сентября 2023