Бұйрық жобасы құқықтық мониторинг шеңберінде әзірленді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар бөлігінде түзетулер енгізілді.
Осыған орай, бұйрық жобасымен жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша жоғарыда аталған Заңның талаптарымен сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер енгізіледі.
Бұйрық жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.