Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомстволарының қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесінде, сондай-ақ облыстық аумақтық бөлімшелердің қарамағындағы аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшелердің тізбесінде:
20, 42, 48, 54, 62, 80, 82, 102, 103, 108, 120, 121, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 148, 149, 161, 162, 178, 179, 180, 195, 211 және 212-тармақтар алып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысына:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесiнде:
20, 42, 48, 54, 62, 80, 82, 102, 103, 108, 120, 121, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 148, 149, 161, 162, 177, 178, 179, 194, 210 және 211-тармақтар алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин