
Жалпы ақпарат, білім
1975 жылғы 27 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген.
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы:
1997 жыл Қазақ Мемлекеттік аграрлық университеті
2006 жыл С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
2025 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы
Мамандығы:
Ғалым агроном, Мемлекеттік басқару бакалавр, Бизнес және басқару магистрі
Мансап
Еңбек жолын 1997 жылы өндірістік кооперативінде есепші болып бастаған.
2000 – 2004 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы.
2004 ж. - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімінің көмекшісі.
2004 – 2005 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы.
2005 – 2007 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы.
2007 – 2008 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы.
2008 – 2010 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы.
2010 – 2013 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2013 – 2022 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары.
2022 – 2026 жылдары - Абай облысы, Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары.
2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары болып тағайындалды.