2025 жылдың 1 желтоқсанында аудан әкімі Р.Ә. Аңбаевтың төрағалығымен Астана қаласында өткен барлық деңгейдегі әкімдер форумының қорытындысы бойынша актив өтті.
Активті өткізу барысында Форумға қатысушы Новоишим ауылдық округінің әкімі Ә.М. Букпин, аудандық мәслихат төрағасының м.а. Н.А. Синдякина, "Аманат" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы К.Н. Минашева баяндама жасады.
Активті өткізу қорытындысы бойынша аудан әкімі орындауға бірқатар тапсырма берді.
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық округтерінің әкімдері делегациясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен барлық деңгейдегі әкімдердің форумына қатысты.
2025 жылғы 1 қарашада Новоишимское, Рузаевка және Чистополье ауылдарында дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мал азығының, ет және сүт өнімдерінің, балдың, көкөністердің, тұздалған өнімдердің және басқа да көптеген тауарлардың кең ассортиментін ұсынды.
Жәрмеңкенің өткізілуі ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өткізуге қолдау көрсетеді және халыққа сапалы азық-түлікті қолайлы бағамен сатып алу мүмкіндігін береді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынған тауар өндірушілерге және аудан тұрғындарына шынайы алғысымызды білдіреміз.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 5маусымда сағат 15:00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Қоғамдық кеңестің отырысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерді жария талқылау өтетінін хабарлайды.
2024 жылғы 2 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде, аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Аңбаев ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің жұмысшыларын, еңбек ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аграршыларға еңбек сіңірген наградаларын («Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР ауыл шаруашылығы Минитрінің Құрмат грамотасы, ҚР ауыл шаруашылығы Минитрінің Алғыс хаты, Облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Облыс әкімінің Алғыс хаты, Аудан әкімінің Құрмет грамотасы, аудан әкімінің Алғыс хаты) ұсынды.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапарымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов келді.
Сапар барысында ауыл шаруашылығы құрылымдары мен элеваторлардың басшыларымен кездесу өткізілді, онда егін жинау науқанын өткізу, элеваторларды дизель отынымен қамтамасыз ету, ағымдағы жылғы егінді қабылдау, астыққа сатып алу бағасы, "Кең Дала"бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, Марат Иманбайұлы "Буденное-СК"ЖШС сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен танысты.
«Возвышенка-СК» ЖШС сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен танысты. Возвышенка ауылындағы орталық токта агроқұрылымдардың басшыларымен кездесу өткізілді, егін жинау жұмыстары кезіндегі ауа-райы жағдайлары, астықты сақтау жөніндегі астық қабылдау пункттері қызметтерінің құнын сақтау, астықты кептіру үшін дизель отынын сатып алу және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.