Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына хабарландыру

05.09.2025 ж.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб., анықтама телефоны, факс: 8(715-35)22-449, электрондық мекенжай:  z.agubaeva@sko.gov.kz төменгі болып табылмайтын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ ветеринария, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімдерді қайта өңдеу секторының меңгерушісі (2025 жылғы 19  қазанға дейін негізгі қызметкелердің жүктілік және босану дкмалысы кезеңіне уақытша, сонымен қатар негізгі қызметкер осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқылы).

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-3, 1 бірлік. 

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 263131 теңгеден 302255 теңгеге дейін.

  Негізгі функционалдық міндеттері:

Жыл қорытындысы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтамасыз етеді. Шаруашылықтың барлық нысандарының аграрлық секторының даму үрдістерін талдауды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дайындаушы өңдеуші және қызмет көрсететін ұйымдармен өзара қимылын қамтамасыз етеді. Жоспарларды, бағдарламаларды әзірлейді, агроөнеркәсіптік сектордың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға дамуын болжауды жүзеге асырады. Орындалған жұмыстардың көрсетілетін қызметтеріне экономикалық нормативтерді, бағаларды, тарифтерді әзірлейді. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау бойынша ауданның агроқұрылымдары бойынша есептеулер жүргізеді. Ауыл шаруашылығында қосымша жұмыс орындарын сақтау және құру туралы мониторинг жүргізеді. Материалдарды дайындау, жинақтау, баяндамалар, ақпарат. Азық-түлік корпорациясына құжаттарды дайындау мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарымен жұмыс жүргізеді. «Солтүстік ӘКК» ҰК» АҚ-да кредиттерді өтеу бойынша бақылауды жүзеге асырады. Уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес астық нарығына мониторинг жүргізеді. Табиғи-климаттық жағдайларды және нарықтық конъюнктураны ескере отырып, астық өндірісінің құрылымын оңтайландыруға, астықты өндіру, сақтау және өткізу технологиясын жетілдіруге жәрдемдеседі. Барлық меншік нысанындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің агротехникалық іс-шараларының сақталуына бақылау жүргізеді. Фермерлермен, шаруа қожалықтарының, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктердің басшыларымен және мамандарымен агрономиялық оқуды ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттарды өндіру және шаруашылық жүргізуші субъектілерді өздерінің жоғары сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

(Блок А)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қоргау және/немесе ауыл шаруашылығыны электроқамсыздандыру және/немесе өсімдік қорғау және карантин); ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария (агроном және/немесе агрохимик және/немесе көкөніс өсіруші және/немесе бақша дақылдарын өсіруші).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.   

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы                   21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.gov.kz ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде қолма-қол «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150400, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб. немесе z.agubaeva@sko.gov.kz  электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтама алу телефон - факсі 8(71535) 22449. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

___________________________________________________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

 Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                                            (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

e-maіl: _______________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________________

________ _____________________________________________________________________

(қолы)      (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.

 

Дата публикации
05 сентября 2025