08.10.2024 ж.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 263131 теңгеден 302255 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жыл нәтижесі бойынша мемлекеттік органның тиімді қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде көрсеткіштерді жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің барлық меншік нысандарының аграрлық секторларын дамытудың үрдісін талдауды, ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің қайта өңдеуді дайындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдарымен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жоспарлар, бағдарламалар әзірлейді, агроөнеркәсіптік сектордың қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекке даму болжамын жүзеге асырады. Атқарылған жұмыстарға көрсетілетін қызметтерге экономикалық тарифтер, нормативтер, есептеулер әзірлейді. Аудан агроқұрылымдары бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау бойынша есептеу жасайды. Ауыл шаруашылығында қосымша жұмыс орындарын сақтау және құру туралы мониторинг жүргізеді. Материалдар жиынтығы, баядамалар, ақпараттар және басқалары. Продкорпорацияға құжаттарды дайындау сұрақтары бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарымен жұмыс жүргізеді. «СПК Солтүстік» НК» АҚ несиелерді төлеу бойынша бақылау жүргізеді. Уәкілетті органмен бекітілген ережелерге сәйкес астық нарығы мониторингін іске асырады. Табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып астық өндірісі құрылымын оңтайландыруда, өндіріс технологиясын жетілдіруде, астықты сақтау мен өткізуде жәрдемдеседі. Барлық меншік нысандарындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде агротехникалық іс-шаралардың сақталуына бақылау жүргізеді. Фермерлерге, шаруа қожалықтары басшыларымен мамандарына, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, акционерлік қоғамдарға, шаруашылық серіктестіктеріне агрономиялық оқу ұйымдастырылуына жәрдемдеседі. Шаруашылық субъектілерін селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, пайдалануға шығарылған жеке жоғары сапалы тұқым сорттарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Аудан әкімінің халықпен есеп беру кездесулерінде қойылған сұрақтар бойынша ақпарат дайындайды.
(Блок А)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит); бизнес, басқару және құқық (экономика (сала бойынша) және/немесе бухгалтерлік іс және салық салу және/немесе банк және сақтандыру ісі); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (- Машина құрылысы технологиясы (түрлер бойынша) және/немесе 1240000-Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндіру технологиясы және/немесе ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (жеміс-көкөніс шаруашылығы және/немесе агрономия және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе өсімдік қорғау және карантин және/немесе өсімдік шаруашылығы); ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария (агрономия және/немесе жеміс – көкөніс шаруашылығы және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе өсімдік қорғау және карантин және/немесе өсімдік шаруашылығы); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (машина жасау және/немесе көлік, көлік техникасы және технологиялары және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)).
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.
Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.gov.kz ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде b.tabarova@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтама алу телефон - факсі 8(71535) 22449.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
___________________________________________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекенжайы: __________________________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________________________
e-maіl: _______________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________________________
________ _____________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.