Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына хабарландыру

01.08.2024 ж.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб., анықтама телефоны, факс: 8(715-35)22-449, электрондық мекенжай:  gmusrepova-akimat@sko.gov.kz немесе  aigulkas@mail.ru     төменгі болып табылмайтын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»  КММ бөлім басшысы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-1, 1 бірлік. 

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 354069 теңгеден 406714 теңгеге дейін.

  Негізгі функционалдық міндеттері:

Жоғары тұрған органдар актілерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз

етеді. Дәнді және басқада ауыл шаруашылық дақылдарды өңдеу  технологияларын әрі қарай жетілдіру, агротехниканың жоғары деңгейінде ең қолайлы мерзімде егіс жұмыстарын жүргізуді қадағалауды жүзеге асырады.

Бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуына, олардың уақтылы игерілуіне, кредиторлық және дебиторлық берешекке, тауар материалдық құндылықтардың уақтылы кіріске алынуына және есептен шығарылуына, құжаттардың дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына бақылауды жүзеге асырады.

Өңделетін дақылдар мен сұрыптардың, топырақ ерекшелігінің, климаттық жағдайлардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде ауыспалы егістің, топырақты зиянкестерінен аурулар мен арамшөптерден қорғаудың ғылыми негіз жүйесін әзірлейді және енгізуге қолдау көрсетеді. Жерлерді тиімді қолдану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын басқада табиғатты қорғау іс-шараларымен бірлесе қорғау бойынша бағдарламалар әзірлейді.

Агроқұрылымдарға ауыл шаруашылық дақылдарын күтіп-баптаудың қарқынды технологиясын енгізу және өнім сапасын өндіру мен арттыруды  ұлғайту мақсатында олардың тиімділігін арттыруға, еңбек және материалдық қорлар, негізгі қорлар, жерлерді тиімді қолдануға, салалар өндірісін сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізуде егіншіліктің ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу мен меңгеруде практикалық көмек көрсетеді. «Қазақстан Республикасында етті мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды талдайды және мониторинг жүргізеді. Етті мал шаруашылығы саласына мемлекеттік демеу көрсетеді.

Етті мал шаруашылығын дамытуда жеке меншік инвестицияларын тартады.

Ауданның қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізеді.

Ауыл шаруашылық жәрмеңкелер жүргізуді ұйымдастырады және бақылау

жүргізеді. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын және үндеулерін қарастырады. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашы-лығы бөлімінің кадрлерін

іріктеу және тағайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Аудан әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, облыстық ауыл шаруашылық басқармасымен, ҚР АШМ АӨК аумақтық инспекциясымен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Ауданның ЖШС, Ф/Ш және Ш/Қ өзара қарым- қатынас. Селекция мен тұқым шаруашылығын, дәнді-дақылдар өндіру технологиясын, топырақтың құнарлылығын сақтауды және қалпына келтіруді дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырады. Астық нарығы саласында өкілетті органмен бекітілген ережелерге сәйкес астық нарығының мониторингін жүргізеді.

(Блок А)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі

білім, кәсіби білім: жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

(биология және/немесе биотехнология); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (жеміс-көкөніс шаруашылығы және/немесе агрономия және/немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы және/немесе

су қорлары және суды пайдалану және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қоргау және/немесе ауыл шаруашылығыны электроқамсыздандыру және/немесе өсімдік қорғау және карантин және/немесе орман шаруашылығы және/немесе өсімдік шаруашылығы); ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария (агрономия және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе жеміс – көкөніс шаруашылығы және/немесе өсімдік қорғау және карантин және/немесе ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қорғау және/немесе өсімдік шаруашылығы және/немесе орман шаруашылығы); ветеринария (ветеринария).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

 

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.   

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы                   21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.gov.kz ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде қолма-қол gmusrepova-akimat@sko.gov.kz немесе  aigulkas@mail.ru   электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтама алу телефон - факсі 8(71535) 22449. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

___________________________________________________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

 Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                                            (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

e-maіl: _______________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________________

________ _____________________________________________________________________

(қолы)      (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.

 

Дата публикации
01 августа 2024