Шымкент қаласында заңсыз ойын залдары қызметінің жолы кесілді

Шымкент қаласында заңсыз ойын залдары қызметінің жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Заңсыз ойын залдары республикалық «Стоп-игра» жедел-профилактикалық іс-шара аясында анықталды.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының екі мөлтекауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегімен ақшалай ұтыс беретін лото-терминалдар қызметінің жолы кесілді.

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен, қала тұрғыны ҚР ҚК 307-бабының 1-б. сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тәркіленіп алынған айғақты заттар (7 лото терминал) мемлекет пайдасына өндірілді.