Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.

Негізгі көрсеткіштер:

300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталған;

Зардап шеккен азаматтарға 20 млрд теңгеге жуық өтемақы қайтарылған;

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 млрд теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды;

Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ;

Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.

➤ Агенттік ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолын кескен. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылған. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылып отыр:

Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 млрд теңгені құрайды;

24 қаржы пирамидасы жойылды;

Алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталған;

22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.

Профилактикалық жұмыс:

567 мың оқушыға және 100 мыңнан астам студентке қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген.

➤ Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілген. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.

Президент:

экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.