Павлодарда мемлекетке 550 млн. теңгеден астам сомаға залал келтіру фактісі анықталды

Павлодарда мемлекетке 550 млн. теңгеден астам сомаға залал келтіру фактісі анықталды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлеңкелі экономиканы төмендету туралы тапсырмасы шеңберінде, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "ЅТОР-ОБНАЛ" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактурады заңсыз жазу фактілері анықталды.  Заңсыз іс-әрекеттің жалпы айналымы 2 миллиард теңгеден астам соманы құрап, соның нәтижесінде мемлекетке 550 млн.теңгеден астам сомаға салық төлемеу түрінде залал келтірілді.

Қазіргі уаұытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Айыпталушылардың басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды орындау шеңберінде бюджет қаражатын ұрлауға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді (мүлікті) заңдастыруға, сондай-ақ капиталды шетелге шығаруға қатыстылығы тексерілуде.

Павлодар облысы бойынша ЭТД ақшалай сыйақы немесе бір реттік пайда алу мақсатында заңды тұлғаны (АҚ, ЖШС, ЖК нысанында) өз атына тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынудан азаматтарды сақтандырады. Сондай-ақ адал кәсіпкерлерді жалған шот-фактураларды жазу іс-әрекеттерінен қорғаған жөн. Мұндай әрекеттер ҚР ҚК 216-бабы бойынша мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.