
2020 жылдың 27 тамызында Нұр-Сұлтан қ. ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі Қаржі мониторинг Комитетінің қызметкерлеріне арналған «Қаржылық барлау бөлімшелерінің жолын кесу, заңсыз ақшалай операциялар және тәркілеу активтер» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Вебинарды жүргізген - ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшы, Доктор Клаудио Стролиго.
Іс-шараға Қаржы мониторинг комитетінен Экономикалық Тергеу Қызметінің Жедел басқармалары, Қаржылық барлау бөлімшенің Аналитикалық басқармалары және Халықыралық қатынастар басқармасының қырметкерлері қатысты. Бірінші сессияда келесі тақырыптарды қарастырды: «Тәркіленуге жататын активтерді анықтау және қадағалау бойынша ҚБ өкілеттігі», сондай-ақ «Күдікті операцияларды тоқтата тұру / кейінге қалдыру құқығы». «Шетелдік Қаржылық барлау бөлімшесімен мәліметтер алмасу арналары, оның ішінде тәркілеуге жататын активтер» туралы ақпарат талқылаудың маңызды тақырыбы болды.
Екінші сессияда келесі тақырыптар қарастырылды: «Қаржылық тергеу және тәркіленуге жататын активтерді анықтаудағы Қаржылық барлау бөлімшенің рөлі» және «құқық қорғау органдарының активтердің соңғы бенефициарлары туралы ақпаратқа қол жетімділігі».
Вебинар соңында қатысушылар бенефициарлық меншік иелерінің орталық тізілімін құрудағы БАӘ озық тәжірибесін зерттеді, ол барлық уәкілетті органдардың, құқық қорғау органдарын қоса алғанда, Қаржылық барлау бөлімшелері, салық және кеден органдары, сондай-ақ КЖ / ТҚ қарсы іс-қимыл бойынша міндеттемелері бар тұлғалар үшін қол жетімді.