
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісін анықтады.
Осылайша, 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін екі елордалық ЖК ҚР аумағында жанар-жағармай материалдарының сатып алу бағасына сәйкес келмейтін төмен бағада ЖЖМ сатуды өтінімде көрсетіп, электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысқан.
Алайда, ЖК басшылары электрондық мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен жағдайда конкурстық құжаттамаға сәйкес тапсырыс берушілер ЖК келісімге қойғаннан кейін бірден 100% төлемді жүргізетінін білді.
Осы шартты пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер отыздан астам мемлекеттік мекеме мен бюджеттік ұйымға қатысты алаяқтық әрекеттерді іске асырып, 60 млн. теңгеден астам сомаға мемлекетке залал келтірді.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-б. 4-б. 2-т. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды (аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеті).