Алматыда «В2В Jewelry» қызметінің жолы кесілді

Алматыда «В2В Jewelry» қызметінің жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қ. Прокуратурасының үйлестіруімен Қазақстан Республикасы аумағында қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша бірқатар тұлғаларға қатысты ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

ЭТД қызметкерлері зергерлік бұйымдарды халыққа сатып алу сомасының 104% -ы мөлшерінде «кэшбэк» түрінде ақшаны қайтарып беру кепілдігімен сатуды ұсынатын зергерлік дүкендер желісінің атын жамылып жұмыс істеген «В2В Jewelry» қаржы (инвестициялық) пирамидасының жолын кесті.

Сондай-ақ, клиенттерге сатып алынған сертификаттың құны мен пирамидаға тартылған адамдардың санына байланысты жылына 520% кіріске дейін кепілдік беретін «алтын» мен «күміске» арналған сыйлық сертификаттарын сатып алу ұсынылған.

«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің» қорытындысына сәйкес «В2В Jewelry» компаниясы қауіптілігі жоғары, күмәнді болып табылады. Компаниядан классикалық қаржы пирамидасы белгілері анықталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 217 бабының 3-б. 2-т. (аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сәйкес жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Күдікті тұлғаға қатысты қамауға алу шарасы жүзеге асырылды.

Осыған орай, Қаржы мониторингі комитеті азаматтарды қырағылық танытып, жинақ ақшаларын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз «В2В Jewelry» қызметімен соқтығысқан жағдайда Қаржы мониторингі комитетіне (Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 10) және Алматы қ. бойынша ЭДТ (Жібек-жолы даңғылы, 127) хабарлауыңызды сұраймыз.