
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысы мен құрылтайшысы Түркия азаматы болып табылған «BESHEL CONSTRUCTION» ЖШС салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.
Салық тексерісінің нәтижесі бойынша 2015-тен 2018 жыл аралығында кәсіпорынға 164 млн. астам сома көлеміндегі төленбеген салық есептелгені анықталды.
Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданы №2 сотының өкімімен Түркия азаматы ҚР ҚК 245-б. 2-б. 1-т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 2 жылға ұйымдарда басқарушылық лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, негізгі жазаны өтегеннен кейін ол 5 жылға Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салумен ҚР-нан шығарылады.