Агенттік интеллектуалдық спорт түрлерін дамытуда

Агенттік интеллектуалдық спорт түрлерін дамытуда

Агенттікте шахмат турнирінің финалы өтті♟️. Оған Орталық аппараттың және аймақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерінің қатысуымен ерекше мәртебеге ие болды.

Турнир шахматтың, ақыл-ойды, стратегиялық ойлауды және салмақты шешімдер қабылдау дағдыларын біріктіретін ойынының жеке тұлғаның дамуына қалай әсер ететінін көрсетті.

Ойыншылар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ерік-жігерін және қарсыластарына деген құрметін көрсетті.

Турнир нәтижелері бойынша:

🥇 Кубогты иеленген — Молдашев Алтынбек (Атырау облысы бойынша ЭТД).

🥈 Екінші орын — Шопен Асет (Орталық аппарат).

🥉 Үшінші орын — Аяпов Руслан (Орталық аппарат).

Агенттік басшылығы шахматты логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту құралы ретінде атап өтті, бұл елдің экономикалық қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Іс-шара жарқын әсер қалдырып, қатысушыларды жаңа жетістіктерге шабыттандырды.