Қостанай облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруда қолданылған заттай айғақтар жойылды

Қостанай облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруда қолданылған заттай айғақтар жойылды

Осыған дейін ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыс аумағында заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған үш тұлғаны ұстағандығы хабарланды. 

Қостанай қ. №2 сотының үкімімен ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307-б. 2-б. 2-т. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылып, әрбіріне 2000 АЕК (5 050 000 теңге) көлемінде айыппұл өтеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімнің негізінде заттай айғақтар – покерге арналған үстел, алғашқы жазбалар, фишка салғышы, ойын карталары, жазбалары бар дәптерлер, жарнамалық буклеттер, ойын фишкалары, кейстер, пластик карталар, ойын тастары, дилер фишкалары, цифрлық белгілері бар карталар өртелді.