ҚМА Ресейдегі жоғары оқу орындарында АЖ/ТҚҚ бағдарламасы бойынша тегін білім алу үшін квота жариялайды

ҚМА Ресейдегі жоғары оқу орындарында АЖ/ТҚҚ бағдарламасы бойынша тегін білім алу үшін квота жариялайды

ҚМА ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) саласында білікті кадрлар даярлау бойынша жұмыс жүргізуде.

Құрметті Қазақстан азаматтары, АЖ/ТҚҚ саласында білім алу үшін Ресейдің 25 жоғары оқу орнының Халықаралық желілік институтында тегін оқуға арналған квотаны пайдалана алатындарыңызды хабарлаймыз.

Бұл квота Ресей Федерациясының 14 қаласында тегін оқу мен степендия алуды ұсынады. «Қаржылық мониторинг» бағдарламалары магистратура мен мамандану салаларында ұсынылады.

Сонымен қатар, АЖ/ТҚҚ бойынша модульдер мен пәндер бакалавриат бағдарламаларында: «Экономика», «Юриспруденция», «Халықаралық қатынастар», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Информатика мен есептеу техникасы» сияқты мамандықтарда қарастырылған.

Бағдарламаға қатысу үшін https://education-in-russia.com сайтына тіркеліп, Халықаралық желілік институттың жоғары оқу орындарын таңдау арқылы 2025 жылдың 15 қаңтарына дейін өтініш беру қажет.

Үміткерлерді іріктеу толығымен қашықтан жүргізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • Қашықтықтан тестілеу (прокторинг).
  • Білім немесе біліктілік туралы құжаттар конкурсы (білім беру құжатында көрсетілген пәндер бойынша орта балл есепке алынады)
  • Портфолио конкурсы, яғни үміткердің жеке жетістіктері бағаланады: олимпиадалардағы жеңістер, байқауларға қатысу, ғылыми жарияланымдар, шығармашылық жұмыстар, волонтерлік қызмет және басқа да жетістіктер.

Іріктеу нәтижелері үміткерлердің жеке кабинетінде орналастырылады.

Өтініш беру және басқа да сұрақтар бойынша Кадрлар жұмыс департаментінің бас консультанты Асел Қайржанқызына хабарласуыңызды сұраймыз: +7 775 715 6262.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі