
2020 жылғы 10 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алкоголь өнімін заңсыз сату әрекетінің жолын кесті.
Петропавл қаласының тұрғыны кейін сату үшін алдын-ала құйылған 5 литрлік ыдыстарға құйылған спирті бар сұйықтықты сатуды жүзеге асырған. Үй-жайды тексеру барысында 600 литр жалған алкоголь тәркіленді.
Сондай-ақ, қосалқы үй-жайдан Қазақстан Республикасының акциздік таңбалары жоқ 18000 қорап көлемінде түрлі атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабының 1 б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.