Жамбыл облысының шекаралық бекетінде 19 тонна этил спиртін заңсыз тасымалдаған автокөлік ұсталды

Жамбыл облысының шекаралық бекетінде 19 тонна этил спиртін заңсыз тасымалдаған автокөлік ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қордай ауданында орналасқан «Қарасу» шекаралық бекетінен шығар жолда шанағында 19 тонна этил спирті бар бөшкелер табылған жүк автокөлігін ұстады.  

Ұсынылған тауарға арналған ілеспе құжаттарға сәйкес аталған автомашинада Кырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына көлемі 20 000 литр «Антисептик» тасымалдануы тиіс еді. Сарапшы-криминалисттің сараптама қорытындысына сәйкес келтірілген шығын сомасы 40 109 000 теңгені құрайды.

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының қаулысыменр автокөлік жүргізушісі ӘҚБтК 283-бабының 5-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды және этил спирті тәркіленіп, мемлекеттік кіріске айналдырылды.   

2020 жылғы 17 тамызда Департамент қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, тәркіленген жалпы көлемі 19 000 литр этил спиртін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырды.

Құрметті азаматтар! Егер Сіз қаржы саласындағы құқық бұзушылықтар тап болсаңыз немесе осындай фактілер Сізге мәлім болған жағдайда, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу Депаратаментінің – 8 (7262) 34-75-38, 8 (7262) 34-76-26 сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.