Қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің 2020 жылғы 7 айдағы қызметі қорытындыланды

Қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің 2020 жылғы 7 айдағы қызметі қорытындыланды

2020 жылғы 14 тамызда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің 2020 жылғы 7 айдағы қызметін, сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын қорытындылады.

Министр Экономикалық тергеу қызметіндегі оң үрдістерді атап өтті.

Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 39 қылмыстық іс қозғалып, оның 23-і сотқа жіберілді.

Тыйым салынған мүлікті қоса есептегенде 34 млрд. теңгенің орны толтырылды. Бұл былтырғы жылды толық алғаннан да көп болып табылады. 

Жалған шот-фактуралар жазуға қарсы жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Бес жыл ішінде алғаш рет қолма-қолға айналдырылған ақша қаражатының көлемі 36% азайды.

Алқа отырысының қорытындылары бойынша министр Қаржы мониторингі комитеті мен  аумақтық департаменттердің басшылығына бірқатар нақты міндеттер қойды. Атап айтқанда, шетелге жылысталатын капиталға, мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына және ауыл шаруашылығын субсидиялау кезінде қаражатты жымқыруға қарсы күрес жұмыстарын жалғастыру.