Қарағанды қаласында қылмыскерлерден 4 тапанша мен 133 патрон тәркіленді

Қарағанды қаласында қылмыскерлерден 4 тапанша мен 133  патрон тәркіленді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жалған шот-фактуралар беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асыратын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында  қару мен оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау фактілерін анықтады.

4 тапанша мен 133 патрон оқ-дәрі тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287 бабының 2 б. сәйкес (қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды.