
Ағымдағы жылдың 12 маусымында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетімен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ департаментінің директоры және оның орынбасары 455 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен Ақтау қаласында уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Күдіктілер 2017-2018 ж.ж. «ММГ» АҚ-ның құқығын қалпына келтіру және құжаттарды рәсімдеу туралы жалған келісім-шарттар жасасуға қатысқан. Іс жүзінде бұл аталған жұмыстарды орындаудың қажеті болмаған.
Келісімшарт бойынша мердігер «ММГ» АҚ үшін ешқандай қызмет көрсетпеген, біреудің орнына қойылған тұлға болғаны анықталды.
Осылайша, тұлға арқылы 455 млн. теңге сомасында аударылған қаражат қолма-қолға ақшаға айналдырылып, «ММГ» АҚ лауазымды тұлғаларына берілген.
Тергеу жалғасуда.